Канал Boomtaxi

Мопедтерді тіркеу тәртібі және олардың иелеріне қойылатын жаңа талаптар

ІІМ мопедтерді тіркеу тәртібі мен олардың иелеріне қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді.

Регистрация - здесь
Главная страница Boomtaxi.kz

2025 жылғы 5 сәуірден бастап, мопедті басқару үшін тек тіркеу ғана емес, сонымен қатар A1 санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы міндетті.

Мопедті тіркеу үшін:

Мекенжайыңыз бойынша арнайы ХҚКО-ға барып, жеке басты куәландыратын құжатты (электронды түрде) және мопедтің техникалық сипаттамаларын ұсыну қажет. Одан кейін өтініш толтырып, көлікті тексеруден өткізіп, мемлекеттік баж салығын төлеу керек:

Мопедті тіркеу – 0,25 АЕК;

Тіркеу куәлігі – 1,25 АЕК;

Мемлекеттік нөмір – 1,4 АЕК.

Егер мопедтің VIN-коды жоқ немесе шығарылған жылы белгісіз болса, бұл деректер тексеруден кейін тағайындалады.

2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Бұзушылық үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған (ӘҚБтК-нің 590-бабы). Сонымен қатар, A1 санатындағы жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған жағдайда да айыппұл салынады.